jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Теміртауда 2 жасар бүлдіршін екінші қабаттан құлап аман қалды

    терезе
    Терезе. Көрнекі фото: Gettty Images/ Andreas Rentz / Staff

    Теміртауда екі жасар сәби жақтауға шығып, ашық тұрған терезеден құлап кеткен. Абырой болғанда бүлдіршін періштесі қағып, аман қалған, деп хабарлайды КТК арнасы.

    Телеарнаның мәліметінше, оқыс жағдай түнгі сағат екі шамасында сәбидің анасы басқа бөлмеде жүргенде болған.

    Оқыс жағдайдан баланың тыныс алу жолдарына зақым келген, сол жақ жамбас сүйегі үгітіліп кеткен.

    Теміртау дәрігерлерінің қарауынан кейін ол шұғыл облыс орталығына жеткізіліп, ота жасалған. Дәрігерлердің ақпаратынша, қазіргі таңда бүлдіршіннің жағдайы орташа.

    Осы орайда құтқарушылар көпқабатты үй тұрғындарынан, жалпы ата-аналардан балаға мұқият болуды сұрайды. Өйткені облыс бойынша баланың биіктен құлау жағдайы жиілеген.

    "Бұл ересек адамдардың мұқият болмауынан. Бүгінде облыс аумағында балалардың терезеден құлауының 24 жағдайы тіркелген, екеуі өліммен аяқталды", - дейді Қарағанды облысы ТЖД қызметкері Әсем Қалдыбаева.

    Дерекөз: КТК арнасы

    Теміртауда 2 жасар бүлдіршін екінші қабаттан құлап аман қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.