jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы 18-ші қабаттан құлап қаза тапты

    Дәрігер жұмыс кезінде
    Аурухана. Көрнекі фото: pexels.com

    Оңтүстік Кореяның Кимхэ қаласында Қазақстан азаматы тұрғын үйдің 18-ші қабатынан құлап кетіп, қаза болды, деп хабарлайды NoCutNews басылымы.

    Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін, 21 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша шамамен 08:25-те (Астана уақыты бойынша 11:25-те) болған.

    Ер адам бояу жұмыстарына дайындық үшін қауіпсіздік тақтайшаларын орнатып жатқан кезде құлаған.

    Марқұм ауруханаға жеткізілген, алайда дәрігерлер оның қайтыс болғанын тіркеген.

    Бұл факті бойынша тергеу басталған.

    Айта кетейік, 4 қыркүйектен бері Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласындағы ауруханада комада жатқан Арман Ахметшаевтың жақындары оны елге алдырту үшін көмек сұрап отырғанын жазған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram