Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өртеп жібермесе екен": Оңтүстік Кореяда комада жатқан қазақ жігітінің әйелі елден көмек сұрайды

Опубликовано:

Арман Ахметшаев
Арман Ахметшаев. Фото: instagram.com/korea_komek

Төрт жыл бұрын Оңтүстік Кореяға жұмысқа кеткен Арман Ахметшаев биыл 4 қыркүйектен бері Тэгу қаласындағы ауруханада комада жатыр. Қазақстандықтың жүрегі аппаратқа таңулы. Сол елдің заңы бойынша науқастың жүрегі өзі тоқтағанша аппараттан ажыратылмайды. Ал оның әр секунды ақылы. Ал алда-жалда жүрегі тоқтап жатса, Қазақстанға тек күлі қайтуы мүмкін. Осылай деп жанұшырған Арманның әйелі елден көмек сұрайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы облысы Қарасай ауданы Үштерек ауылында тұратын Бану Жақсылықова шетелде комада жатқан жұбайын санавиациямен елге алдырту үшін шұғыл көмек сұрап отыр.

"Менің жұбайым, екі баламның әкесі Арман Ахметшаев 2019 жылдың қазан айында тұрмыстық жағдайды жөндеу, кредиттерін жабу мақсатында Оңтүстік Кореяға жұмыс іздеп кеткен. Сол елде төрт жылға жуық құрылыс саласында жұмыс жасап жүрді.

Бізге 4 қыркүйек күні Оңтүстік Корея елінен қоңырау шалып, Арман Тэгу қаласындағы үлкен ауруханада жансақтау бөлімінде комада жатыр деген ақпарат берді. Дәрігердің қорытындысында оған бас мидың гипоксиясы деген диагноз қойылған.

Оңтүстік Корей еліндегі бас елшілік бізбен видеохабарлама арқылы мән-жайды толық түсіндірді. Арманның жүрегінің соғуын ұстап тұрған аппарат ақылы, әр секундына төлем жасауымыз керек.

Корей елінің медицина заңы бойынша аппараттан тоқтатуға рұқсат жоқ. Жүрегі өзі тоқтағанша аппаратта таңылып тұрады. Қанша уақыт жататыны белгісіз: бір ай ма, бір жыл ма? Жүрек тоқтаған жағдайда аурухананың шығынын толықтай төлейсіздер және өз қаражаттарыңызбен санавияция ақысын төлеп, Қазақстанға жеткізе аласыздар, ал осының барлығын төлей алмаған жағдайда, Оңтүстік Корея елі кремация жасайды, сіздерге күлін ғана бере аламыз дейді.

Әрине біз бұған келіспейміз. Бізге шұғыл түрде Арманды аппараттан шешпей, санавиация арқылы Қазақстанға жеткізу керек!", - дейді Бану Жақсылықова.

Оның сөзінше, қазіргі таңда аурухана ақысы 14 күннің ішінде 8 млн теңгеге жеткен. Одан бөлек, әзірге санавиацияның ақысы қанша болатыны белгісіз.

Арман Ахметшаев
Арман Ахметшаев анасымен. Фото: отбасының жеке мұрағатынан

"Бізде аурухана шығынын төлейтін қаражат мүлдем жоқ! Сіздерден қол ұшын беруді өтінеміз! Бар қорқып отырғанымыз - өртеп жібермесе екен. Анасы мүгедектігі бар жан, уайымнан қан жұтып, денсаулығы нашарлауда. Мұсылман болған соң бұл жағдай бізге ауыр", - дейді Арманның келіншегі.

Бұл мәселеге қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісі Оңтүстік Кореядағы Қазақстанның бас консулдығына хабарласып, пікір білдіруін өтінді. Елшілік өкілі сәл кейінірек мән-жайды толық түсіндіруге уәде берді.

Ал Арманның отбасына қаржылай көмек берем деушілер үшін төменде Бану Жақсылықованың банк картасының нөмері берілген.

Kaspi Gold:

4400 4301 0720 1862

+7 707 333 65 65 Бану Б.Ж.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037139-ortep-zibermese-eken-ontustik-koreyada-komada-zatqan-qazaq-zigitinin-aieli-elden-komek-suraidy/

pixel