jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Қарағанды облысында атын баптап жүрген жігіт мұздай суға секіріп, бір адамды ажалдан арашалап қалды

    Еламан суға батқан жігітті жағаға алып шығуда
    Еламан суға батқан жігітті жағаға алып шығуда. Видеодан кадр: КТК арнасы

    Қарағанды облысы Шет ауданының 30 жастағы тұрғыны Еламан Одесхан өмірін қатерге тігіп, суға батқан екі жігіттің бірін құтқарып қалды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Телеарна мәліметінше, суға батқан жігіттер Батық ауылына қонаққа келіп, балық аулауға шыққан. Ал Еламан сол күні сол маңда атын бәйгеге баптап жүрген.

    Су қоймасында көмекке шақырған адамның жан даусын естіп, ол шешініп, мұздай суға секірген. 50 метрге дейін жүзіп барып суға кеткен екі адамның біреуін жағаға алып шыққан. Екіншісі су бетінен көрінбей қалған.

    "Жағаға сүйреп алып шықтым. Жағаға шыққанда дем беріп, жанына қисайтып, алғашқы көмек көрсеттім. Амал қанша, екінші баланы құтқара алмадым. Үлгере алмадым", - дейді Еламан Одесхан.

    Суға батып кеткен 27 жастағы қызылордалық тұрғының денесін құтқарушылар кейін тапқан. Ал Еламан құтқарған азамат Түркістан облысының тумасы болып шыққан.

    Еламан судың суығынан "аяқ-қолым тартылып қала ма" деп қорыққанын жасырмайды. Алайда адамның жанайқайы алға итермелей бергенін айтады.

    Дереккөз: КТК арнасы

    Қарағанды облысында атын баптап жүрген жігіт мұздай суға секіріп, бір адамды ажалдан арашалап қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.