jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Талдықорғанда көліктің ішінен жігіт пен қыздың денесі табылды

    Автокөліктің іші
    Көлік Көрнекі фото: pixabay.com

    Талдықорғанда гаражда тұрған көліктің ішінен қыз бен жігіттің денесі табылды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жетісу облыстық ПД-ға сілтеме жасап.

    Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл факті жазатайым оқиға ретінде тіркелген.

    "Алдын ала болжам бойынша көліктің ішінде болған жастар (жігіт пен қыз) көмірқышқыл газынан улану салдарынан көз жұмған. Қалалық полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сараптамалық зерттеудің қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабардар етті облыстық полиция департаментінен.

    Алматы облыстық ТЖД мәліметінше, улы газбен улану жайттары келесі жағдайларда болуы мүмкін:

    • ұзақ уақыт жабық гараждарда және қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған автокөлікте болған кезде;
    • үйде, ақауы бар пешті пайдаланғанда;
    • өрт шыққан кезде түтін тараған бөлмелерде, көлік вагондарында, лифтілерде және т.б жерлерде қалып қойғанда.

    Улы газбен улану кезіндегі алғашқы көмек:

    • Зардап шеккен адамға противогаз кигізіп, таза ауаға шығару;
    • Мүмкін болса, оттегін беру;
    • Қажет болса, қолдан тыныс алдыру;
    • Денені қатты ысқылау;
    • Жылыту жастықшасын аяққа қою;
    • Зардап шегушіге ыстық шай беру;
    • Өрт болған жағдайда "101" және "112" нөмірлеріне қоңырау шалу.
    Талдықорғанда көліктің ішінен жігіт пен қыздың денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.