jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында 40 жастағы жұмысшы қаза тапты

    жұмысшы
    Жұмысшы. Көрнекі фото: pexels.com

    Ақтөбе ферроқорытпа зауыты аумағында кабель монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшы биіктен құлап кетті. Оқиға 10 қазан күні сағат 17:10 шамасында болған. Жұмысшы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілгенімен ертеңінде көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың хабарлауынша, марқұм зауыт қызметкері емес. Мердігер компания "МСС-КИП Автоматика" ЖШС электромонтажшысы. Зардап шегуші тоғыз метрлік биіктікте кабель монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс сатысынан құлаған. Жұмысшы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілгенімен ертеңінде көз жұмды.

    "Еңбек инспекциясына бұл жағдай туралы 11 қазан күні ақпарат түсті. Еңбек кодексінің 188-бабының 4-тармағына сәйкес жазатайым оқиғаны тергеуге арнайы комиссия құрылады. Бұл оқыс оқиға Ақтөбе облысы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма бақылауында", - деді Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Абдухат Мырзалин.

    Қазіргі уақытта оқыс оқиғаның мән жайы анықталуда.

    "Ақтөбе ферроқорытпа зауытының аумағындағы құрылыс жұмыстары кезінде мердігер ұйымның қызметкері биіктіктен құлап түсті. Дәрігерлер оның өмірі үшін барын салып күрескенімен, аман алып қалу мүмкін болмады.

    Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлайды зауыттың баспасөз қызметі.

    Автор: Ардақ Ерубаева

    Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында 40 жастағы жұмысшы қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.