jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысындағы цемент цехында жарылыс болды: бір адам қаза тапты

    Құрылыс алаңы
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы цемент цехында болған жарылысқа қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Kazinform.

    Ақпараттық агенттіктің жазуынша, Түркістан облысында цемент зауытындағы жарылыстан 52 жастағы жұмысшы қаза болған.

    Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 3-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша тіркелген.

    Қылмыстық іс аясында бірқатар тиісті сараптама тағайындалған. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

    "Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Аталған жағдай бойынша тергеу Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығының бақылауында", - деді Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.

    Агенттік дерегі бойынша, бұған дейін цемент зауытындағы жарылыстан 1971 жылғы науқас қайтыс болғаны хабарланған. Қазіргі таңда жансақтау бөлімінде екі адам емделіп жатыр. Науқастардың бірінің денесін 100 пайыз, екіншісінің денесін 70-75 пайызға күйік шалған.

    Түркістан облысындағы цемент цехында жарылыс болды: бір адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.