jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында зауыттағы жарылыстан жарақат алған екінші жұмысшы қайтыс болды

    Түркістан облысындағы зауыт
    Түркістан облысындағы зауыт. Видеодан кадр: КТК арнасы

    Түркістан облысында цемент зауытындағы жарылыстан ауыр жарақат алған екінші жұмысшы көз жұмды. Денесінің 100 пайызын күйік шалған 58 жастағы азамат Састөбе ауылының бейітіне жерленді, деп хабарлайды КТК арнасы.

    КТК арнасының мәліметіне сүйенсек, цемент зауытының іске қосылғанына 70 жыл болған. Өткен аптада цехтың бірінен шыққан жарылыстан үш адам ауыр жарақат алған. Осыдан кейін зауыт тоқтап, қызметкерлері жұмысқа шығуға үрейленіп қалған.

    "Қауіпті деп ойлаймын. Мен көмірде жүрем, зауыт аралаймын. Партцехқа кірем, арнайы киімнің бәрі - синтетика. 21 қыркүйекте екі бала көмірден иістенген. Алғашқы көмегін берді. Көмірдің иісінен өзім де зардап шектім", - деді жұмысшы.

    Ал зауыт басшылығы 600 жұмысшыға бірден жоғары жалақы беру мүмкін емес дейді. Бірақ жуық арада айлықты 30 пайызға көтеруге уәде берген.

    "Жалақы қорымыз бір жылға 900 млн теңгеге жуық қаржы жұмсаймыз. Салығымен қосқанда бір млрд 200 млн-дай болады. Одан зауытты жаңғыртуға тағы 1,5 млрд теңге шығындаймыз. Біз енді-енді аяққа тұрып келеміз. Сондықтан сәл шыдаңыздар, жалақыны көтереміз", - деді "Састөбе цемент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Александр Бартенев.

    Түркістан облысында зауыттағы жарылыстан жарақат алған екінші жұмысшы қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.