jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысындағы газ жарылысы: зардап шеккен тағы бір адам қаза болды

    Алматы облысындағы газ жарылысы болған жекеменшік үй
    Алматы облысындағы газ жарылысы болған жекеменшік үй. Фото: almaty.tv

    Алматы облысының Талғар ауданындағы үйдегі газ жарылысынан зардап шеккен тағы бір адам көпсалалы клиникалық ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі медициналық мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "1991 жылғы ер адам ауыр жарақаттан кеше таңертең қайтыс болды. Ал бүгін түнде 2003 жылы туған қыз ес жимастан көз жұмды", - деп хабарлады медициналық мекеме өкілдері.

    Қыздың денесінде 3-4 дәрежелі күйіктер болған.

    Еске салайық, 17 желтоқсанда Талғар ауданы Гүлдала ауылында тұрмыстық газ жарылысы болды. Салдарынан екі үй бүлінген. Үйлердің бірінде соққы толқынынан қабырға толығымен қирап қалған.

    Сондай-ақ 4 адам ауруханаға жатқызылған. Олардың екеуі ауруханаға жатқызылғаннан бері жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан.

    Қаза болғандар ерлі-зайыпты болып шықты - 20 жастағы қыз және 32 жастағы ер адам. Зардап шеккен тағы екі адам палатаға ауыстырылған.

    Талғар ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиға газ-ауа қоспасының жарылуынан болған. Алдын ала себеп - табиғи газ құбырындағы қысымның жоғарылауы.

    Алматы облысындағы газ жарылысы: зардап шеккен тағы бір адам қаза болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.