jitsu gif
Оқыс оқиға

    Абай облысында бес жасар бала мұз астына түсіп кетті

    Еріп жатқан мұз
    Еріп жатқан мұз. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Абай облысында мұз астына түсіп кеткен 5 жасар баланы іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Polisia.kz Telegram арнасында хабарлады.

    Ведомство ақпаратынша, 22 желтоқсан күні 12:54-те Үржар полиция бөлімінің "102" арнасына учаскелік полиция инспекторының хабарламасы келіп түскен. Ол Таскескен ауылында балалардың бірі мұз астына түсіп кеткенін хабарлаған.

    "5 жасар екі бала ауылдың шетінде орналасқан Қарақол өзенінде толық қатпаған мұз үстінде ойнаған. Мұз жарылып, балалардың бірі мұздың астына түсіп кеткен", - делінген хабарламада.

    Полиция осы сәтте екінші бала ересектерге көмек сұрауға жүгіргенін хабарлады. Куәгерлер өздерінің учаскелік инспекторына қоңырау шалған. Тәртіп сақшысы дереу оқиға орнына барып, құтқарушыларды шақырған.

    Қазіргі баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

    Бұл ретте полицейлер аймақтағы су қоймаларында мұздың қалыңдығы 3 сантиметрге жетпейтінін атап өтті.

    Абай облысында бес жасар бала мұз астына түсіп кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.