jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкентте жаңа туған нәресте өлі күйінде табылды

    нәрестенің аяғы
    Нәрестенің аяғы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкенттегі Нұрсәт шағынауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің аумағынан жаңа туған нәресте өлі күйінде табылды. Бұл туралы Otyrar.kz Telegram-дағы арнасында қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Басылым жазуынша, 21 желтоқсанда Қаратау аудандық полиция бөлімінің "102" арнасына жаңа туған нәресте өлі күйінде табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

    Аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық-кодекстің 100-бабы бойынша (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) қылмыстық іс тіркелген.

    Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері нәрестенің анасын іздестіруде.

    Еске сала кетейік, осыдан бір апта бұрын Рудныйда қоқыс контейнерінен полиэтилен пакетке оралған жаңа туған сәбидің денесі табылған еді. Сол кезде де Қылмыстық-кодекстің 100-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

    Шымкентте жаңа туған нәресте өлі күйінде табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.