jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанай облысында боранда жоғалып кеткен әжесі мен немересі өлі күйінде табылды

    боран
    Боранды күн. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қостанай облысында қарлы боранда жоғалып кеткен әжесі мен немересі өлі күйінде табылды. Ақпаратты облыстық төтенше жағдайлар департаменті растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қостанай облыстық ТДЖ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 желтоқсанда сағат 08.10-дан бастап Қостанай облысының Степной ауылында 1965 жылы туған әйел мен оның 2012 жылы туған немересін іздеу жұмыстары қайта жанданған.

    Із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге құтқарушылар, полицейлер, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері тартылған. Өкінішке қарай, әжесі мен немересі өлі күйінде табылған. Ақпаратты Қостанай облыстық ДП өкілдері растады.

    "Жоғалған адамдардың денесі Степной ауылының шетінен табылды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады ведоствоның баспасөз қызметі.

    Іздеу жұмыстарына тартылған ТЖД қызметкерлері
    Іздеу жұмыстарына тартылған ТЖД қызметкерлері. Фото: Қостанай облыстық ТЖД

    Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында 58 жастағы әжесі мен 11 жастағы немересі іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.

    Олар 26 желтоқсанда сағат шамамен 07:00-де Степной ауылындағы үйінен шығып кеткен. Әжесі мен немересі Тобыл қаласына қарай бет алған. Сөйтіп көлік ұстау үшін тасжолға шыққан, алайды діттеген жеріне жете алмаған.

    Қостанай облысында боранда жоғалып кеткен әжесі мен немересі өлі күйінде табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.