jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Атырауда жеке үйдегі газ дүмпуі кезінде зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

    газ-ауа қоспасының дүмпуі болған үй
    Газ-ауа қоспасының дүмпуі болған үй. Фото: Атырау облыстық ТЖД

    Атырауда жеке үйлердің біріндегі газ дүмпуі кезінде зардап шеккен ер адам ауруханада көз жұмды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство өкілдерінің KAZ.NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, оқиға орнынан зардап шеккен бес адам медициналық мекемеге жеткізілген. Олар күйік алған. Үш ересек адам облыстық ауруханаға, екі адам балалар клиникасына жатқызылған.

    Бүгін, 3 қаңтарда зардап шеккендердің бірі - 1964 жылы туған ер адам медициналық мекемеде қайтыс болған.

    Қалған зардап шеккендердің де жағдайы әлі ауыр. Оларға қажетті барлық ем-дом көрсетілуде.

    Еске сала кетейік, 2 қаңтарда таңертең Атыраудағы Көкарна ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде газ-ауа қоспасының дүмпуі болып, салдарынан үйдің қабырғасы жартылай қирап, өрт шыққан еді. Зардап шеккен бес адам ауруханаға жеткізілген.

    Ал жаңа жыл түні Атырауда көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті өртенді. Куәгерлердің айтуынша, оқиғаға отшашу себеп болған. Өрт үш сағаттың ішінде сөндірілген.

    Атырауда жеке үйдегі газ дүмпуі кезінде зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.