jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада мұнаралы краннан жұмысшы құлап, мерт болды

    Кран
    Кран. Көрнекі фото: pixabay.com

    Желіде Астанада жұмысшы мұнаралы краннан құлап қайтыс болғанын айтқан әйелдің видеосы тарап жатыр. Бұл ақпаратқа қатысты полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Instagram-дағы astana__sergek парақшасында жарияланған видеодағы ақпаратқа сәйкес, елордада жұмысшы мұнаралы краннан құлап, мерт болған. Бұл ретте болжамды қайғылы оқиға туралы баяндаған әйел төтенше жағдай болуы мүмкін құрылыс алаңынан видео түсірген.

    Астана полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері NUR.KZ тілшісіне фактті растап, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    "Оператор мұнаралы краннан түсіп бара жатқан кезде құлап, ауыр жарақат алған, салдарынан қайтыс болды. Бұл дерек бойынша "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

    Тергеу жүріп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді полиция қызметкері.

    Сондай-ақ ведомство өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы негізінде өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын айтты.

    Астанада мұнаралы краннан жұмысшы құлап, мерт болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.