jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодар облысында әкім тұрғынға ішімдік сыйлаған: оқиға қайғылы жағдаймен аяқталды

    Алкоголь
    Алкоголь бөтелкесі. Көрнекі фото: Pixabay.com

    Павлодар облысында 9 мамыр мерекесінде ауылдық округ әкімі тұрғындардың біріне бір пакет азық-түлік берген, оның ішінде бір бөтелке арақ та болған. Оқиға қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ведомство мәліметіне сүйенсек, бұл дерек алкоголь өнімдерін заңсыз сату және тарату деректерін анықтау жұмыстары барысында белгілі болған.

    Прокурорлар Павлодар облысы ауылдық округінің әкімі "Жеңіс күні" мерекесіне орай тұрғындардың біріне ерекше сыйлық жасағанын анықтады.

    "Азаматқа бір сөмке азық-түлік пен 0,5 литрлік арақ берілген. Ол 9 мамырда алкогольге мас күйде үйін өртеп жіберді. Өрт кезінде әйелі үйдің ішінде болған, өрт салдарынан ол көз жұмды", - деп хабарлады Павлодар ауданы прокуратурасының өкілдері.

    Ведомство өкілдері ауыл әкімінің әрекеті моральдық нормаларға қайшы келетінін айтты. Прокуратураның актісі бойынша лауазымды тұлғаға қарсы қатаң сөгіс ретінде тәртіптік жаза қолданылды.

    Павлодар облысында әкім тұрғынға ішімдік сыйлаған: оқиға қайғылы жағдаймен аяқталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.