jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Тағы бір бала зардап шеккен": Атырауда үстіне ескерткіш құлаған қыз балаға қатысты жаңа деректер шықты

    Жансақтау бөлімі
    Жансақтау бөлімі. Фото: "Астана"/Astana TV

    25 маусымда Атырауда ескерткіш құлап, бір отбасының екі баласы жарақат алған. Балалардың бірі жансақтау бөліміне жатқызылғанмен, көп ұзамай көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, 25 маусымда сағат 21:40 шамасында Атырау қаласында ауа райының күрт бұзылуы салдарынан "Жеңіс" саябағында орналасқан ескерткіш құлап, салдарынан бір отбасының 2015 және 2017 жылы туған балалары Атырау облыстық балалар ауруханасына түскен.

    "2017 жылы туған қыз бала түрлі ауыр дене жарақатымен түсіп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Сырқатының ауырлығына байланысты тиісті ем-шаралар көрсетілгенмен ол қайтыс болды", - делінген хабарламада.

    Басқарма өкілдері 2015 жылы туған пациентке жарақат бөлімінде ем көрсетілгенін мәлімдеді.

    "Қолы сынғанына байланысты гипс салынды. Амбулаториялық ем қабылдауға байланысты үйіне жіберілді", - дейді дәрігерлер.

    Айта кетейік, Атырауда 7 жасар қыз баланың үстіне ескерткіш құлап, ауруханада көз жұмғаны хабарланған еді.

    "Тағы бір бала зардап шеккен": Атырауда үстіне ескерткіш құлаған қыз балаға қатысты жаңа деректер шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.