jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте көлден 23 жастағы жігіттің денесі табылды

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: instagram.com/ shymkent_tjd

    Шымкентте көлден 23 жастағы жігіттің денесі табылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметіне сүйенсек, оқиға Абай ауданында болған.

    "Қайнарбұлақ тұрғын алабында шомылуға тыйым салынған жасанды көлге бату дерегі туралы хабарлама "112" құтқару қызметіне 27 маусымда сағат 13.50-де түскен", - деп жазылған хабарламада.

    Құтқарушылар оқиға орнына барып, Қайнарбұлақ жасанды көлінен 2001 жылы туған ер азаматтың денесін шығарды. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы және Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері, 3 техника шықты.

    Осы ретте Шымкент қалалық ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрап, ескерту жариялады. Оған сәйкес:

    • шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
    • тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
    • қалқымалардан аса жүзуге болмайды;
    • мас күйде суға түспеңіз;
    • су көліктеріне жақын жүзбеңіз.

    Шымкентте көлден 23 жастағы жігіттің денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.