jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ыстықкөлде Қазақстан азаматы қаза тапты

    Ыстық көл
    Ыстықкөл. Фото: pixabay.com

    Қырғызстанда бұған дейін жағажайда ауыр жарақат алған қазақстандық Ыстықкөл облысындағы ауруханалардың бірінде қайтыс болды. Бұл туралы 24.kg басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жергілікті басылымның хабарлауынша, 15 шілдеде Қара-Ой ауылында демалушыны катер басып кеткен. Қайғылы оқиға демалыс орындарының бірінің жағажайында болған.

    Балықшы қаласының 42 жастағы тумасы, қазір Қазақстан азаматы ауыр жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген. Қазақстандық ауруханаға түскеннен кейін келесі күні алған жарақаттарынан қайтыс болды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

    Катердің иесі 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, ал су көлігін 18 жастағы жігіт басқарған.

    Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 127-бабы "Абайсызда адам өліміне әкеп соғу" және 311-бабы "Жол қозғалысы және темір жол, әуе немесе су көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.