jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    ШҚО-да мамырда жоғалып кеткен 21 жастағы жігіттің денесі табылды

    өзен
    Өзен. Көрнекі фото: pixabay.com

    Өскеменде жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт өлі күйінде табылды. Бұл туралы еріктілер хабарлады. Ақпаратты Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ

    Еріктілердің айтуынша, 21 жастағы Жандос Баянов осы жылдың 15 мамырында Өскемендегі АДК аумағында жоғалып кеткен.

    Жандос Баянов. Фото
    Жандос Баянов. Фото: volontery_almaty_lider.kz

    Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, полицейлерге Прапорщиково ауылының шетіндегі Ертіс өзенінің арнасынан жігіттің денесі табылғаны турплы хабарлама келіп түскен. Марқұмның денесінде көзге көрінетін жарақаттар анықталмаған.

    "Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, сараптамалар тағайындалды", - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.

    Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысы Сарыағаш ауданында үш жасар бүлдіршін жоғалып кеткенін жазған едік. Кейін қыз баланың денесі көршісінің ауласынан табылды.

    Кейіннен Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында тағы бір бүлдіршін ауладағы дәретханадан тірі табылған.

    Журналист Гүлмира Әбіқай Instagram-дағы парақшасында Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында тағы бір қыз бала ауладағы дәретхана тесігінен табылғанын хабарлады. Бұл жолы бүлдіршін тірі шыққан. Ол кішкентай қызды дәретханаға біреу түсіріп жіберген болуы мүмкін деген болжам жасады.

    ШҚО-да мамырда жоғалып кеткен 21 жастағы жігіттің денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.