Ақтөбеде бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Опубликовано:
Бес жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті: оқиға бүгін Ақтөбеде болған. Толық мәліметті ТЖМ мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Құтқарушылардың айтуынша, оқиға бүгін Ақтөбе қаласында бес қабатты тұрғын үйдің аумағында орын алған.
Ер бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Төтенше жағдайлар министрлігі төмендегілерді ескертеді:
- Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;
- Москит торлары құлаудан қорғамайды;
- Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіздер.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2142760-aqtobede-bala-tortinshi-qabattyng-terezesinen-qulap-ketti/