jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Дағыстанда суға батып кеткен қазақстандықтың денесі Каспий теңізінен табылды

    Суға батып жатқан адам
    Суға батып жатқан адам. Көрнекі фото: Getty Images / stock photo

    Қазақстанда тұратын 47 жастағы ер адамның денесі Каспий теңізінен табылды. Бұған дейін Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі сапборд тақталары мен тюбингпен соқтығысқаннан кейін ер адамның іздестіріліп жатқанын мәлімдеген.

    Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасында құтқарушылар Каспий теңізінде батып кеткен 47 жастағы ер адамды тапқаны хабарланды.

    "Қайғылы жағдай 3 тамызда Дағыстанның Избербаш қаласында болды. Теңізде сапборд тақталары мен тюбинг соқтығысты. 6 сапбордшы зардап шекті: төртеуін құтқарушылар судан шығарды, біреуі жағаға өз бетімен шықты. Өкінішке қарай, алтыншы суға батып кеткен сапбордшыны іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды", - делінген Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада.

    Бұған дейін Mash Gor Telegram-дағы арнасы жоғалған адамның Қазақстанда тұратынын жазған болатын.

    "Ислам (47 жаста) отбасымен Дағыстанға демалуға келген. Ол ингушетиялық, бірақ көп жылдан бері Қазақстанда тұрады", - деп жазған еді.

    NUR.KZ тілшісі қайғылы жағдайға ақпарат алу үшін Сыртқы істер министрлігіне сауалхат жолдады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.