jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Даладағы дәретханада өртеніп кете жаздаған 15 жастағы атыраулық баланы дәрігерлер аман алып қалды

    сіріңке
    Сіріңке. Көрнекі фото: pixabay.com

    Махамбет ауданында даладағы әжетханадан өрт шығып, ішінде 15 жастағы бала қалып қойған. Денесінің 85 пайызын күйік шалып, медициналық санавиациямен Атырау қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жасөспірім бір айға жуық өмірі үшін күресті. Травматолог-комбустиолог Жақсылық Мағзомовтың айтуынша, бала ауруханаға жатқызылған кезде үшінші дәрежелі күйік деген диагноз қойылған. Мұндай жағдайда адамның әрі қарай өмір сүріп кетуі екі талай екенін айтады.

    "Баланы санавиациямен ауруханаға әкелдік. Жасөсіпірімнің арқасын, қол-аяғын түгел күйік шалған. Бір айға жуық жансақтау бөлімінде реаниматолог мамандардың қарауында болып, кейін палатаға шықты. 7 күннен кейін жағдайы жақсаруына байланысты үйіне жіберілді", - дейді травматолог-комбустиолог Жақсылық Мағзомов.

    Мамандардың айтуынша 20 пайыз күйікпен де өмірден өтіп кетіп жатқандар бар. Сондықтан 85 пайыз күйікпен жазылып шығу - сирек кездесетін жағдайлардың бірі саналады.

    "Ересек адамдар арасында күйікке шалудың критикалық деңгейі 70 пайыз, ал балалар арасында 5 пайыз күйікпен де күресе алмай қалып жататын жағдайлар кездеседі. Жақында дәрігерлер үстіне ыстық су құйылып кетіп, денесінің 70 пайызы күйген үш жасар қыздың өмірін сақтап қалды", - дейді Атырау облыстық ауруханасының өкілі.

    Автор: Әйгерім Сайқын

    Даладағы дәретханада өртеніп кете жаздаған 15 жастағы атыраулық баланы дәрігерлер аман алып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.