Катамараннан теңізге сүңгіген: Маңғыстауда жас жігіт Каспийге батып кеткен
Опубликовано:
Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болды – Каспий теңізіне демалуға барған 18 жастағы жігіт суға батып кетті. Алайда оның денесі әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, қайғылы жағдай жексенбі, 25 тамызда Ақтаудағы "Солдатский" жағажайының маңында болған.
Құтқарушылардың айтуынша, Маңғыстау облысының 2006 жылғы тұрғыны катамараннан сүңгу кезінде қаза тапқан.
"25 тамыз 17:40 шамасында 112 пультіне Ақтау қаласы Ақжелкен елдімекені, "Солдатский" жағалауынан 300 метр қашықтықта 2006 жылғы жігіттің суға батқаны жөнінде хабарлама келіп түсті.
Қазіргі уақытта шақыртылған жерде 5 қайық, 15 жеке құрам, 2 техника және бір дрон іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді Төтенше жағдайлар департаменті өкілі.
Еске сала кетейік, 21 тамызда Атырау қаласына қарасты Ақжар ауылында 14 жастағы бала суға батып кетті. Баланың денесі әлі табылмады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2153172-katamarannan-tengizge-sunggigen-manggystauda-zhas-zhigit-kaspiige-batyp-ketken/