jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Маңғыстаудағы полигонда оқу-жаттығу кезінде мерзімді қызметтегі сарбаз қайтыс болды

    Сарбаз
    Сарбаз. Көрнекі фото: pixabay.com

    Сенбі, 7 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқыс оқиға болды. Әкери полигонда мерзімді қызметтегі сарбаз ауыр жарақат алып, көз жұмды. Бұл туралы Ақтау гарнизонына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінен келіп түскен ақпарат бойынша, 7 қыркүйекте Оймаша полигонында "Батыс" өңірлік қолбасшылығының бөлімшелерімен оқу-жаттығу жиынында қарумен жұмыс істеу ережесін бұзу нәтижесінде мерхімді қызметтегі сарбаз өмірмен сәйкес келмейтін жарақат алды.

    "Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда", – делінген баспасөз хабарламасында.

    Өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін толығырақ ақпарат жария етілмейді.

    "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", - деп қоса кетті гарнизонның баспасөз қызметі.

    Маңғыстаудағы полигонда оқу-жаттығу кезінде мерзімді қызметтегі сарбаз қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.