jitsu gif
Оқыс оқиға

    Атырауда екі жасар қыз әкімдік қазған үш метрлік шұңқырға түсіп кетті

    Шұңқыр. Фото
    Шұңқыр. Фото: KAZ.NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

    Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде 2 жастағы бүлдіршін электр бағанасын салу үшін қазылған шұңқырға түсіп кеткен. Оқиғаға байланысты аудан әкімдігі өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қауіпті аймақтан баланы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары шығырып алды. Ойнап жүріп шұңқырға түсіп кеткен сәби аман, оған медициналық көмек қажет болмаған.

    "3 метрлік шұңқырдан баланы төтенше жағдай департаменті жүргізуші қызметкері Нұрлыбек Саламатов шығарып алды. Әр секунд маңызды болғандықтан, қызметкерлер тез әрекет етіп, бала аман қалды. Ата-аналарға балаға мұқият болуын ескертеміз", - деп жауап берді Атырау облысы төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

    Қазіргі уақытта Индербор кентінде электр бағаналары жаңартылып жатыр. Барлығы 2,4 км электр бағаналары салынады.

    Индербор кентіндегі 15 көшеде 12,8 шақырым электр желісі жаңартылып жатыр. Мердігер "Асыл Тау" ЖШС мекемесі. Асан қайғы көшесінде 6 қыркүйек күні тірек қондыру орындарын дайындау үшін қазылған шұңқырларға материал кешігіп келуіне байланысты 2 күн соқа салынбай тұрып қалған. Қазіргі уақытта қазылған шұңқырлардың барлығы қоршалды. Мердігер мекемеге ескерту жарияланды", - деп жауап берді Индер ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Әли Жайшылық.

    Авторы: Әйгерім Сайқын

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.