jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда екі оқушы қыз биіктен құлап кетті: қалалық білім басқармасы өкілдері мәлімдеме жасады

    жасөспірімдер
    Жасөспірімдер. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бұған дейін желіде алматылық екі қыз биіктен құлап кеткені жөнінде ақпарат тараған еді. Полицейлер қылмыстық іс қозғап, қалалық білім басқармасы өкілдері мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Бүгін Алмалы ауданында екі қыздың өмірін қиған қайғылы оқиғаға байланысты Алматы қалалық білім басқармасы істің барлық мән-жайын зерделеу үшін тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, комиссия құрылғанын хабарлайды", - делінген ведомство хабарламасында.

    Айта кетейік, 16 қыркүйекте желіде алматылық екі оқушы қыз терезеден құлап кеткені туралы ақпарат тарады. Қалалық полиция департаменті бұл деректі растады.

    "Бұл факт бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлады қалалық полиция департаменті өкілдері.

    Алматыда екі оқушы қыз биіктен құлап кетті: қалалық білім басқармасы өкілдері мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.