jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

    Шахта
    Шахта. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы опырылған кен астында қалып, мерт болды. 32 жастағы марқұмның денесін кеніштен әріптестері алып шықты. Қазір еңбек инспекторлары тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

    Телеарна мәліметінше, "Ақтөбе мыс" компаниясының кен орны Хромтау ауданында орналасқан. Қайлы оқиға сол жерде болды. Үгіту аппаратын басқаратын жұмысшы түнгі ауысымға шыққан. Кеннің жоғарыдан опырылып түскенін аңғарып үлгермеген болуы мүмкін.

    "Шахтада кен опырылған. Жазатайым оқиға деп айтуға болады. Тергеп-тексеру 20 қазанда аяқталады", - деді Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторы Асхат Жұмалы.

    Жұмысшы оқиға орнында бірден мерт болған. Тексеруге кіріскендер кен орнындағы еңбек қауіпсіздігінің қаншалықты сақталғаны туралы тек "бір айдан соң ғана айта аламыз" деп отыр.

    Дереккөз: КТК

    Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.