jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада иесіз ғимараттан өлі табылған қыздың ажалы неден болғаны айтылды

    Жасөспірім қыздың денесі табылған иесіз ғимарат
    Жасөспірім қыздың денесі табылған иесіз ғимарат. Видеодан кадр: КТК

    Астанада иесіз ғимараттан өлі денесі табылған 14 жастағы қыздың ажалы неден болғаны анықталды. Полиция өкілдері осыдан бір ай бұрын болған қайғылы жағдай бойынша сот-медициналық сараптама қорытындысын жария етті, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Телеарна мәліметінше, қаңырап иесіз тұрған бұрынғы балабақша ғимаратынан 14 жасар қыздың денесін сол маңда ойнап жүрген балалар тапқан. Дәл сол жерде жалпы білім беретін мектеп те бар. Бірақ оқушы қыз ол мектепте емес, басқа мектепте оқыпты.

    Марқұм Аурелияның ата-анасы сабақтан кейін серуендеуге шыққан қызының неге ескі ғимаратқа барғанын түсінбейді. Бұған дейін де төрт рет өрт болып, тағы бір ер адам көз жұмған ескі ғимарат қаңғыбастар паналайтын жерге айналғалы үш жылдай болған. Қыздың жұмбақ өлімін әркім әрқалай айтып сан-саққа жүгірткен еді. Ал сот-медициналық сараптамасы оның газдан уланғанын анықтады.

    "14 жастағы қыздың денесіне қатысты істің мән-жайын обьективті, жан-жақты зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, өлім газ қоспасымен уланудан болған.

    Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жарияланбайды", - дейді Астана ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.

    Дереккөз: КТК арнасы

    Астанада иесіз ғимараттан өлі табылған қыздың ажалы неден болғаны айтылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.