Ақмола облысында жетінші баласына жүкті әйел қайтыс болды
Опубликовано:

Ақмола облысында Бестөбе ауылының тұрғынының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Марқұм жетінші баласына жүкті болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алты баланың анасының өлімі туралы ақпарат Sinegor.kz басылымында жарияланды. Онда жетінші баласына жүкті 34 жастағы келіншектің жедел жәрдем келгенше қайтыс болғаны айтылған.
"Келіншек үйде отбасымен бірге болған. Өзін жайсыз сезінген соң шаршағанын айтып, жатып қалған. Ал туыстары оны өлі күйінде тапқан. Келіншек жүктіліктің 34-аптасында болған. Дәрігерлер ақмолалық әйелдің жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын растады. Өлімнің алдын ала себебі – жедел жүрек жеткіліксіздігі. Азаптау белгілері табылмады", - делінген ақпаратта.
Аталған жайтқа қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісіне Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі пікір білдірді.
"Бестөбе ауылы тұрғынының өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілді. Тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалады. Өзге ақпарат ҚР ҚПК бабына сәйкес жария етілмейді", - деді ПД баспасөз қызметінде.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2176434-aqmola-oblysynda-zhetinshi-balasyna-zhukti-aiel-qaitys-boldy/