Алматы облысында бір кеште екі адам қаза тапты
Жарияланған күні:

Алматы облысында соңғы тәулікте жаяу жүргіншілер қаза тапқан екі жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның ақпараттық медиа порталының хабарлауынша, екі факт бойынша да қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық істер қозғалған.
Алғашқы оқиға Қаскелең маңындағы Алматы-Бішкек тасжолында болған.
"Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті. Алған жарақаттардан ол оқиғаға орнында көз жұмды", - деп хабарлады Ішкім істер министрлігі өкілі.
Екінші оқиға Алматы-Өскемен тасжолының Іле ауданы Ынтымақ ауылының шетінде болған.
"Lexus RX350 жүргізушісі жолды дұрыс емес жерден кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі өкілі.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жылдамдықты сақтауға және жолдарда өте сақ болуға шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2176895-almaty-oblysynda-bir-keshte-eki-adam-qaza-tapty/