jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Өскеменде әйел адамды жүк пойызы қағып кетті

    Пойыздар
    Пойыздар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Өскеменде жүк пойызының машинисі 40 жастағы қала тұрғынынын жанай қағып кетті. Зардап шегуші түрлі жарақаттармен қалалық ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Өскемен-1 станциясында жүк пойызының машинисі 40 жастағы қала тұрғынынын жанай қағып кетті. Ол түрлі жарақаттармен Өскемен қалалық ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Мадияр Айтуғанов хабарлады", - делінген ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

    Әйел темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені айтылды. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

    Жыл басынан бері, ведомство мәліметінше, темір жолдарды белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін 39 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    "Полицейлердің ұдайы жүргізетін профилактикалық жұмыстарына қарамастан, азаматтар тарабынан теміржол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері болып жатыр.

    Өткен кезеңде жылжымалы құрам 79 адамды қағып кеткен болса, оның жартысынан көбі өліммен аяқталды, соның ішінде 6 факт бойынша балалар зардап шекті", - деп түйіндеді сөзін полиция полковнигі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.