jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Көкшетауда неке қидырған күні жас жігіт кісі қолынан қаза тапты (видео)

    Неке қию
    Неке қию. Көрнекі фото: pixabay.com

    Көкшетауда қаладағы мекемелердің бірінде 22 жастағы жігіт көз жұмды. Полиция тергеуді бастады, деп хабарлайды Sinegor.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қайтыс болған 22 жастағы жігіттің туыстары Sinegor.kz тілшісіне қайғылы жағдайдың мән-жайын айтып берді. Олар кінәлілерді жазалауды сұрайды.

    "Небәрі 22 жаста болған жас жігіт неке қиған күні қайтыс болды. Туыстары кінәлілер жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Сондықтан кезінде Ішкі істер министрі басшысы болған Ақмола облысының әкімі бұл істі өз бақылауына алғанын қалайды", - делінген басылым ақпаратында.

    Ақмола облысының полиция департаменті өкілі NUR.KZ тілшісіне 12 қарашада Көкшетаудағы ойын-сауық орындарының бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғыны өлтірілгенін растады.

    Бұл факт бойынша полицейлер Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

    Сонымен қатар жанжалға қатысқан тағы 6 адам анықталып, ұсталған. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

    "Біз бұл фактілер бойынша мұқият және объективті тергеу жүргізілетініне кепілдік береміз. Тергеу барысы басшылықтың назарында", - деді өңірлік полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бақтияр Өтекин.

    Көкшетауда неке қидырған күні жас жігіт кісі қолынан қаза тапты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.