Ақтөбе облысында судан ер адамның денесі табылды
Жарияланған күні:

17 қарашада Қандыағаш қаласында судан белгісіз ер адамның денесі табылды. Ақпаратқа Ақтөбе облысының полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, әзірге марқұмның жеке басы анықталмады. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады.
"Өлімнің себебі сараптамадан кейін белгілі болады", - деп түсіндірді Ақтөбе облысының полиция департаменті өкілдері.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада 20 жастағы қыздың денесі табылған еді. Оның жеке басы анықталып, осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданында әкесі екі баласымен және туысымен суға батып кеткенін хабарлаған едік. Ер адам балаларды құтқаруға тырысқан, бірақ өзі де қаза тапқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2188913-aqtobe-oblysynda-sudan-er-adamnyng-denesi-tabyldy/