jitsu gif
Оқыс оқиға

    Петропавлда мектеп төбесінің сылағы құлап, балалар жарақат алды

    Сынып іші
    Сынып іші. Көрнекі фото: Uwe Anspach/Picture alliance/Getty Images

    Бүгін, 4 желтоқсанда Петропавлдағы мектептердің бірінде төбенің сылағы құлап, салдарынан үш бала зардап шекті. Олар балалар ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл жайт туралы ақпарат Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.

    "2024 жылғы 4 желтоқсанда сағат 17:20-да Петропавл қаласындағы жалпы білім беретін мектептегі сыныпта 2 шаршы метр аумақта төбенің сылағы құлады.

    Салдарынан 3 бала зардап шекті (оның екеуі – 12 жаста, біреуі – 13 жаста). Олар облыстық балалар ауруханасына жатқызылды", - делінген хабарламада.

    Ведомство өкілдері осы жағдай бойынша комиссия құрылатынын, оның құрамына Төтенше жағдайлар департаменті, Сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, білім, құрылыс басқармаларының өкілдері, ата-аналар және басқа да мүдделі тұлғалар кіретінін атап өткен.

    KAZ.NUR.KZ тілшісі балалардың жағдайын білу мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдеріне хабарласты.

    "Балалар облыстық көпбейінді балалар ауруханасында. Жағдайлары тұрақты. Жарақаттану бөліміне жатқызылды. Бас-ми шайқалу диагнозы қойылды", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

    Петропавлда мектеп төбесінің сылағы құлап, балалар жарақат алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.