jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте дизель құйылған бөшкені газбен жылытпақ болған ер адам қаза тапты

    Газ баллоны
    Газ баллоны. Көрнекі фото: rutube.ru

    Шымкентте дизель құйылған бөшкені жылытпақ болған ер адам қаза тапты. Қайғылы оқиға "Тассай тас" компаниясының аумағында болған, деп хабарлайды Otyrar.kz.

    Алдын ала мәлімет бойынша марқұм дизель отыны құйылған бөшкені газ баллонымен жылытуға тырысқан. Сол сәтте жарылыс болып, 39 жастағы ер адам оқиға орнында мерт болған.

    "Аталған жайт 8 желтоқсанда болды. Жұмыс жүргізу кезінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік қағидаларын бұзу жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде.

    Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды", - деп хабарлады Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.

    Шымкентте дизель құйылған бөшкені газбен жылытпақ болған ер адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.