jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Екібастұзда оқушы құбырдағы ыстық суға күйіп қалды: полиция қылмыстық іс қозғады

    Жылу құбыры
    Жылу құбыры. Көрнекі сурет: imantsu/Getty Images

    Екібастұз полициясы оқушының жарылған құбырдан аққан ыстық суға күйіп қалуына байланысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Павлодар облысы полиция департаменті мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

    Департамент баспасөз қызметінің хабарлауынша, қауіпсіздік ережесіне сай емес қызмет немесе жұмыс атқарылуына байланысты қылмыстық іс қозғалған.

    "Болған оқиғаның анық-қанығы тергеу барысында анықталады", - деп хабарлады Павлодар облысының полициясы.

    Айта кетейік, Қылмыс кодексінің 306-бабы 1 тармағы бойынша қауіпсіздік талаптарына сай емес қызмет немесе жұмыс атқарғаны үшін 160 АЕК (590 720 теңге) көлемінде айыппұл салынуы немесе 40 тәулікке дейін сотталуы мүмкін.

    Естеріңізге сала кетейік, 11 желтоқсанда Екібастұз қаласында 10 жастағы бала жылу құбырының тесігінен аққан ыстық суға күйіп, бірінші және екінші дәрежелі күйікпен аурухананың жансақтау бөліміне түскен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.