jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Петропавлда дәрігерлер көзіне пышақ кірген бүлдіршіннің өмірі үшін күресіп жатыр

    Жедел жәрдем көліктері
    Жедел жәрдем көліктері. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Петропавлда аса ауыр жарақат алған нәресте облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 7152.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Басылым ақпаратынша, үш жасар бала сағат 14:05 шамасында жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның сол жақ қарашығы астындағы ауыр жарақатпен, өте ауыр, агональды жағдайда түскенін айтты.

    Анасының айтуынша, бала ауруханаға қабылданғанға дейін 25 минут бұрын ас үйдегі орындықтан құлаған, сол сәтте көзіне пышақ түскен. Ол көзінен пышақты суырып алғанда, бала есін жоғалта бастаған.

    Жедел жәрдем бөлмесінде баланы реаниматолог көріп, бірден жансақтау бөліміне жеткізілді.

    "Баланың жүрек-өкпе қызметін қалпына келтіру мақсатында жедел реанимациялық шаралар қолға алынды. Олар сәтті өтті. Гемодинамика бақылауға алынып, инотропты қолдау көрсетілді. Одан кейін нейрохирург пен офтальмолог мамандардың шұғыл кеңесі ұйымдастырылды", - дейді дәрігерлер.

    Дәрігерлердің айтуынша, бүлдіршіннің жарақаты өте ауыр: ашық бас сүйек-ми жарақаты, миының қатты соғылуы және көзіне пышақ кірген.

    Қазіргі таңда дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін барлық қажетті шараларды жасап жатыр.

    Петропавлда дәрігерлер көзіне пышақ кірген бүлдіршіннің өмірі үшін күресіп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.