Оқыс оқиға

Зектілері

Маңғыстаудағы МАЭК-те жұмысшы қаза тапты

Жарияланған күні:

Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты. Фото: primeminister.kz

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты. Болған жайтқа қатысты өңірлік полиция пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым ақпаратынша, қайғылы жағдай 23 желтоқсанда энергетикалық комбинатта болған.

"Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті өкілдері.

Басылым дереккөздерінің хабарлауынша, жөндеу цехының шебері қаза тапқан. Өлімге құбырдың құлауы себеп болған.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысы "Майқайыңалтын" кәсіпорнында мотор жөндеуші болып еңбек еткен 1992 жылғы ер азамат абайсызда қаза тапты. Ол техниканы жөндеу кезінде кен тиегіш машина жаншып кеткен.

Одан бөлек Қостанай облысындағы кірпіш зауытында жұмысшы бетон араластырғышқа құлап, қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2203925-manggystaudagy-maek-te-zhumysshy-qaza-tapty/