Оқыс оқиға

Зектілері

СҚО-да жеке тұрғын үйде болған өрттен бес адам көз жұмды

Жарияланған күні:

Өрт сөндіруші
Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: pexels.com

Солтүстік Қазақстан облысының Ступинка ауылында жеке үйде болған өрттен екі ересек адам мен үш бала қаза тапты. Олардың жеке басы анықталып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Петропавловск.news" сайтына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, түнде 112 пультіне СҚО-ның Шал ақын ауданы Ступинка ауылындағы жеке үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенде үйді түгелдей дерлік қызыл жалын шарпыған. Салдарынан үйдің шатыры мен төбе жабындысы опырылып түскен. Өртті сөндіру барысында екі ересек адам мен үш баланың денесі табылды. Олардың жеке басы анықталып жатыр", - делінген СҚО ТЖД хабарламасында.

Басылымның мәліметінше, өрттің жалпы ауданы 104 шаршы метрді құрайды. Марқұмдардың жақындары мен туыстарына шұғыл түрде психологиялық көмек көрсетілген.

Қазіргі таңда оқиға орнында СҚО ТЖД өрт сынау зертханасының анықтаушылары мен мамандары жұмыс істеуде. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Оқиға орнына СҚО ТЖД бастығы Жомарт Асқаров аттанған.

Сондай-ақ басылым таратқан ақпаратта ТЖД-ның аудандық бөлімінің қызметкерлері 2024 жылғы 5 қазанда өрттің алдын алу бойынша ауыл тұрғындары арасында профилактикалық жұмыс жүргізгені айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2214497-sqo-da-zheke-turgyn-uide-bolgan-ortten-bes-adam-koz-zhumdy/