jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Оралда ер адамның үстіне кірпіш құлап, ол оқиға орнында жан тапсырды

    Жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Оралда Молдағұлова көшесінде салынып жатқан ғимараттың жанынан өтіп бара жатқан ер адамның үстіне кірпіш құлады. Ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

    Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем пультіне қоңырау сағат 15:03-те түскен. Молдағұлова көшесінде салынып жатқан ғимараттың жанынан өтіп бара жатқан ер адамның үстіне кірпіш құлаған. Үстіне кірпіш құлаған тұрғынның жасы шамамен 60-65 жаста болған.

    БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

    "29 қаңтарда салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үйдің маңында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары кезінде биіктен кірпіш құлап, ол сол маңнан өтіп бара жатқан ер адамның үстіне құлаған. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

    Оралда ер адамның үстіне кірпіш құлап, ол оқиға орнында жан тапсырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.