jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Өскеменде өртенген үйдің жертөлесінен үш адамның денесі табылды: қылмыстық іс қозғалды

    Өрт сөндіруші
    Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: pexels.com

    Өскемен қаласында өртенген жер үйлердің жертөлесінен өртті ауыздықтау барысында үш адамның мәйіті табылды. Аталған жайт бойынша адам өлтіру дерегі бойынга қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды kazinform агенттігі.

    ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, қамауға алынды.

    "Полиция қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу барысы ШҚО ПД басшылығының жеке бақылауында", - делінген ақпаратта.

    Бейресми мәліметтерге сүйенсек, марқұмдардың бастарында кесілген жарақаттар табылған.

    Өскеменде өртенген үйдің жертөлесінен үш адамның денесі табылды: қылмыстық іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.