Оқыс оқиға

Зектілері

"Үстіне футбол қақпасы құлаған": Астанада 25 жастағы жігіт футбол алаңында қаза тапты

Жарияланған күні:

Жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада 25 жастағы жігіт футбол алаңында қаза тапты. “Достық арена” спорт кешенінде болған қайғылы оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Оқиғаның мән-жайын білмек болып спорт кешеніне барған арна тілшілері, онда есік жабық тұрғанын, жеке нысанға кіруге рұқсат жоқтығын айтты. Сол себепті болған жайттың анық-қанығына көз жеткізу мүмкін болмаған.

Марқұм болған жігіт алаңға достарымен футбол ойнауға келсе керек. Бейнетаспада оның қақпаның жақтауына асылып, айналмақшы болғаны көрініп тұр. Осы кезде қақпа жігіттің үстіне құлап, сытылып шыға алмай қалған. Ал доп теуіп жүрген достары жүгіріп көмекке келгенімен, оны құтқара алмады. Қазір тергеу жүріп жатыр.

"Футбол алаңында ер адамның қайтыс болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға футбол ойнап жүргенде болған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Астана полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шауленова.

Дереккөз: "КТК" арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2221008-ustine-futbol-qaqpasy-qulagan-astanada-25-zhastagy-zhigit-futbol-alangynda-qaza-tapty/