jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Маңғыстауда ер адамды пойыз қағып кетті

    Темір жол
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Маңғыстау облысында пойыз адамды қағып кетті, салдарынан ер адам ауыр зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының "Опорная" станциясында биыл 28 ақпанда темір жол құрамының қозғалысы басталған сәтте адамды пойыз қағып кетті.

    Бұл факт бойынша адам денсаулығына абайсызда ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан темір жол көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану қағидаларын бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Жәбірленуші одан әрі медициналық мекемеге жеткізілді.

    Ведомство өкілдері өзге ақпарат Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін айтты.

    Маңғыстауда ер адамды пойыз қағып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.