jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Күйеуі укол салған": Шымкент тұрғыны кенеттен қайтыс болды

    шприц ұстаған ер адам
    Шприц ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкентте әйел адам күйеуі салған инъекциядан соң қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

    Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, әйел адамның өліміне қатысты сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    "Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

    Қайғылы жағдай Жібек жолы көшесіндегі үйлердің бірінде болған.

    Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ер адам әйеліне инъекция саламын деп қателік жіберген. Дәрі еккен соң әйелдің жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем келгенше жан тапсырған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.