Оқыс оқиға

Зектілері

Алматы маңында дауыл кезінде бір адам қаза тапты

Жарияланған күні:

Читать на русском
құлаған ағаш
Дауыл кезінде құлаған ағаш. Көрнекі фото: Albert Perez/Getty Images

Алматы облысындағы Шамалған ауылының маңында дауыл кезінде ер адамның үстіне ағаш құлап, салдарынан ол қаза тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, 7 сәуірде "Алматы-Бішкек" тас жолының 37-шақырымында Шамалған ауылына жақын жерде қатты желден ағаш құлап, салдарынан 46 жастағы ер адам қаза тапты.

"Осы оқиға бойынша полиция қызметкерлері мен уәкілетті органдардың қатысуымен кешенді тексеру жүріп жатыр.

Азаматтарды қолайсыз ауа райы жағдайында сақтық шараларын сақтауға және төтенше жағдайлар қызметінің нұсқауын орындауға шақырамыз", - деді Алматы облысының полиция департаменті өкілдері.

Еске сала кетейік, 7 сәуір кешке Алматыда күн бұзылып, қатты дауыл тұрды. Салдарынан үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2234106-almaty-mangynda-dauyl-kezinde-bir-adam-qaza-tapty/