jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Мысыр әуежайында көз жұмған Қазақстан азаматының денесі елге жеткізіледі

    ұшақ
    Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

    Мысырда мерт болған отандасымыз Ақмарал Мұқанова мен оның ұлының медициналық сақтандыруы бар, деп хабарлайды Kazinform. Сол себепті шетелде көз жұмған қазақстандықтың денесін елге жеткізу шығынын сақтандыру компаниясы мойнына алған.

    Ақпарат агенттігінің мәліметінше, Nomad Insurance сақтандыру компаниясы туристік оператордан қайғылы оқиға жайлы ақпарат түскеннен кейін бірден марқұмның денесін елге жеткізу шығындарын жабу үшін кепіл берілген қаражатты аударған. Құзыретті органдардың шешіміне байланысты мүрде Шарм-эш-Шейхтан не Каирден жеткізу жоспарланып отыр.

    Еске сала кетейік, 17 мамырда Шарм-эш-Шейх әуежайында рейсті күтіп тұрған жолаушылар тұрған аумақта жарнама тақтасы құлаған. Оқиғаның салдарынан қазақстандық әйел мерт болды, тағы екі отандасымыз жарақат алған.

    Мысыр әуежайында көз жұмған Қазақстан азаматының денесі елге жеткізіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.