jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда оқушы фотосессия кезінде өзенге құлап кетті (фото)

    Оқушы қызға көмек көрсету сәті
    Оқушы қызға көмек көрсету сәті. Фото: Алматы құтқару қызметі

    Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Аюсай шатқалында таудағы фотосессия соңы қайғылы оқиғаға ұласа жаздады, деп хабарлайды Алматы құтқару қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы құтқару қызметінің мәліметіне сәйкес, оқиға 22 мамыр сағат 15:35-те Бостандық ауданы, Аюсай шатқалы аймағында болған. Оқушылар суретке түсу кезінде Алматы мектептерінің бірінде оқитын 9-сынып оқушысы Проходная өзеніне құлап кеткен.

    "18 оқушы мен сынып жетекшісінен тұратын топ өзен жағасында суретке түсіп жатқанда, оқушы қыздардың бірінің аяғы тайып кетіп, суға құлап кетті.

    Алматы қалалық Құтқару қызметінің құтқарушылары оны жедел іздестіре бастады. Сағат 15:56-да бөгетке шамамен 500 метр қашықтықта қыз судан шығарылды. Құтқарушылар оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шегушіні жедел жәрдем бригадасына тапсырды", - делінген құтқару қызметінің хабарламасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.