jitsu gif
Оқыс оқиға

    Абай қаласында әйел тереңдігі 3 метр болатын ашық жатқан құдыққа құлап кетті

    құдық
    Құдық. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    Қарағанды облысында құтқарушылар тереңдігі 3 метр болатын ашық жатқан құдыққа құлап кеткен әйелге көмекке келді, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ТЖМ-ның мәліметінше, құтқару операциясы Абай қаласының үшінші шағын ауданында жүргізілген.

    1974 жылы туған әйел тереңдігі 3 метр болатын ашық жатқан құдыққа түсіп кетіп, өз бетінше шыға алмаған.

    "ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел түрде келіп, баспалдақ орнатып, құлаған әйелді жоғарыға шығарды. Зардап шегушіні жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды", - делінген хабарламада.

    Осындай жағдайларды болдырмау үшін құдық қақпақпен жабылған. ТЖМ өкілдері төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласуды сұрайды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.