jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Сайрамсу өзенінен 27 жастағы әйелдің денесі табылды

    Су
    Су. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Түркістан облысындағы Сайрамсу өзенінен 27 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

    Марқұм табиғат аясына отбасымен бірге демалуға барған екен.

    Бейресми ақпараттарда келіншектің жүкті екені де айтылып жатыр. Қайғылы оқиға 29 маусымда болған екен. Оның денесін құтқарушылар 3 күннен кейін тауыпты.

    Айта кету керек, мұнымен жыл басталғалы өңірде суға батып, қайтыс болғандар саны 39-ға жетті.

    "Сайрам-Өгем" ұлттық-табиғи паркінің аумағында орман шаруашылығы қызметкерлері және туыстары белгісіз жағдайда суға құлаған. 1998 жылы туған Г. есімді азматшаның денесін ТЖД қызметкерлері жағаға алып шықты. Жалпы 8 жеке құрам, 2 техника мен 1 эхолот жұмылдырылып, жағаға мәйіт шығарылды", – деді Түркістан облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері Ақарыс Омар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.