jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда туристерді қар көшкіні басып қалды: бір адам көз жұмды

    Таудағы құтқару жұмыстары
    Таудағы құтқару жұмыстары. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    22 ақпанда Алматы тауларында қайғылы оқиға болды. Екі адамды қар көшкіні басып қалып, бір турист оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, жексенбі күні таңертең Титов асуында 3400 метр биіктікте топтағы төрт адамның екеуі (екі турист) қар астында қалып қойған. Олардың біреуі өздігінен шыққан.

    Оқиға орнына дереу Алматы қалалық ТЖД-ның 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің құтқарушылары, "Барыс" РММ қызметкерлері, кинологиялық жасақ пен еріктілер жіберілген. Іздестіру-құтқару операциясы барысында ұшқышсыз ұшу аппараты да қолданылған.

    "Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қардың астынан қаза тапқан адамның денесі шығарылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеді", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматы тауларында тағы бір адамды қар көшкіні басып қалғанын жазған едік. Құтқарушылар оны тез арада тауып, қар астынан шығарып алған.

    Алматыда туристерді қар көшкіні басып қалды: бір адам көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.